Музыкалық колледждегі қоғамдық бақылау
Еңбек қауіпсіздігі мен заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ бас маманы А.Алимпиев, маманы Н.Жетпісбай «А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі» МКҚК-де қоғамдық бақылау жүргізді. Кəсіподақ қызметкерлері қоғамдық бақылаумен қатар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша колледж қызметкерлерімен кездесу өткізді. Еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен оқытушылар мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері аумағында кеңестер берілді. Колледж директоры А.Исмагулов, кәсіподақ төрайымы Ш.Сәрсенғалиева және кадр бөлімі инспекторы Н.Махамбетова жүргізіліп отырған жұмыстарымен таныстырып, тəжірибелік жəне əдістемелік көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ