Біз – зорлық- зомбылыққа қарсымыз
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты 26 қараша «Адам құқықтары күніне» арналған Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз гимназиясында «Біз – зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге жоғарғы сынып қыз балалары мен мұғалімдер қатысты. Шараны гимназия директоры Зәуреш Жәрдемқызы сөз сөйлеп ашып, мектеп психологі А.Төлегенова баяндама жасады және мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен бейнебаян және слайдтар көрсетілді. Дөңгелек үстелдің соңында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Алмагүл Амандыққызы қорытынды сөз сөйледі.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ