Шалқардағы қоғамдық бақылау
26 ақпан күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданында ҚР Еңбек кодексінің 155-бабы және «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік серіктестік жөніндегі облыстық келісімнің 9.10.-т. негізінде «Болашақ» бөбекжай-бақшасы және «№12 бала бақшасында» еңбек заңнамасының сақталуына жоспарлы қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылау кезінде ұжымның еңбек шарттары және оқу жүктемесімен танысып, кейбір құжаттарды толтыру жөніндегі кемшіліктерді ескертіп, сұрақтарға жауап берілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ