Қарғалыда қоғамдық бақылау жүргізу
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Байменшина еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында В.И.Пацаев орта мектебінде, «Бөбек» және «Балауса» бөбекжай-бақшаларында қоғамдық бақылау жүргізді. Бақылау барысында ұжымның еңбек шарттарындағы кемшіліктері анықталып, заң аясында көмек көрсетілді. Сонымен бірге қызметкерлермен кездесіп шешімін таба алмай жүрген сұрақтарға заңды кеңес берілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ