Шалқардағы қоғамдық бақылау
22 қараша күні Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Махат «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы және «Балдырған» санаторлық бөбекжай-бақшасына қоғамдық бақылау жүргізді. Бақылау барысында ұжымның еңбек шарттарындағы сабақ жүктемелеріндегі заңдылықтарының орындалуы қаралды. Еңбек шарттарындағы кемшіліктер анықталып, заң аясында көмек көрсетілді. Қоғамдық бақылау барысында қызметкерлердің көптеген көкейтесті қойылған сұрақтарына жауап берілді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ