Текеліде үздік бастауыш кәсіподақ төрағасы анықталды
Бүгін «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Текелі қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының іріктеу кезеңі өткізілді.
Шараның мақсаты - шығармашылық бағытта жұмыс жасайтын бастауыш кәсіподақ ұйымдарын анықтау, олардың жұмысын жандандыру, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтарын және кәсіби мүдделерін қорғау болып табылады.
Байқауға қосымша білім беру мекемелері, мектептер, балабақшалар және колледждердегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Текелі қалалық филиалының төрағасы Асан Тұрсынғалиев байқау ережесімен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Білім ордаларындағы кәсіподақ өкілдері іс номенклатурасына сәйкес құжаттарын жинақтап, кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары бойынша жасалынған жұмыстарын көрсетті.
Қатысушылардың өнерін әділқазы алқалары бағалап, жүйріктерді анықтады. І орынды №1 орта мектебібастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А. Жұматаева иеленіп, желтоқсан айында облыстық деңгейде өтілетін байқауға жолдама алды. Ал, ІІ орынды Текелі кәсіптік колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Б. Мукашева, ІІІ орынды балалар шығармашылық орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А. Таумурзинова еншіледі.
Жеңімпаздарға Текелі қалалық филиалының дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды.
Асан Ақжолтайұлы,Текелі қалалық филиалының төрағасы
-
Фотографии
-