Ағымдағы жылдың 21 қараша күні БҚО, Теректі ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай және Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясынбасшылыққа ала отырып аудандық кәсіподақ педагогтары арасында парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, мақсатында аудандық кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының арасында «Парасатты отбасы» байқауы өткізілді.
«Парасатты отбасы» сайысы үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Отбасымның тарихы», әр жанұя өз ата- бабалары туралы әзірлеген зерттеу жұмыстарын көрсетті. Екінші бөлім, «Менің отбасым» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Бейнесюжеттер арқылы сайыскер отбасылардың еңбектегі, оқудағы жетістіктер мен отбасылардың әдет – ғұрып, жөн – жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақыттарын қалай өткізетіндігі жайында пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынылды. Үшінші бөлім «Өнерлінің өрісі кең», өз өнерлерін көрсетті.
«Парасатты отбасы» сайысының қорытындысы бойынша І орын Подстепный №1 ЖОББ мектебінің Алдоңғаровтар отбасы, ІІ орын Федоровка қазақ ЖОББМ Кабиевтер отбасы иеленді. «Қазыналы отбасы» аталымына Подстепный қазақ ЖОББМ Жүсіпқалиевтер отбасы, «Өнерлі отбасы» аталымына Ақсуат ЖОББМ Тельмановтар отбасы қол жеткізді. Аудандық кәсіподақ тарапынан, педагог отбасыларына заттай сыйлықтар табысталды.
Аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Ұлдай Сарсенова