ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІР – САЙЫС ӨТТІ
Сәрсенбіде Оралдағы оқушылар және жастар сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жастар арасында «Кәсіподақ қозғалысын дамытудың тиімді тетіктері» тақырыбында пікірталас өтті. Шараны «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігі жастар кеңесінің қатысуымен ұйымдастырды.
Пікірталастың спикерлері жас мамандар, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің әдіскері Ләйлә Мақсотова, жеке кәсіпкерліктің жетекшісі Арнұр Мақсотов, «ZhasProject»жастар корпусын дамыту жобасының БҚО бойынша үйлестірушісі Ақерке Шайхы, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы салауатты өмір салты орталығының жетекшісі Оралхан Қажыкенов кәсіподақ қозғалысын дамыту жайында пікір жарыстырды.
Ойын барысында жастардың бір тобы АҚШ-тағы, Норвегиядағы, Даниядағы, Швециядағы кәсіподақтардың белсенді жұмыстарын мысалға келтіріп, еліміздегі кәсіподақ қозғалысын дамытуға кедергі болып отырған кейбір мәселені сарапқа салды. Олардың айтуынша, қазақстандық жұмысшылар құқықтары бұзылғанда өздерінің құқықтарын қорғайтын, еңбек дауын шешетін кәсіподақ ұйымдарының жұмысынан бейхабар, сондықтан кәсіподақтың жұмысын әлеуметтік желілер, соның ішінде инстаграм арқылы насихаттаған жөн десті. Екінші топтың өкілдері еңбек ұжымдарында кәсіподақ ұйымдарының жиналыстары жылына бір рет өткізілетінін, сондықтан жас мамандардың кәсіподақ жұмысынан мүлдем хабарсыздығын, кәсіподақ жұмысының көп насихаттала бермейтінін айтты. Сонымен қатар кәсіподақ демалыс орындарына демалуға жолдаманы бұрыннан жұмыс істейтін қызметкерлермен қатар жас мамандарға да беретін болса, жастар да кәсіподаққа мойын бұрар ма еді деген ойларын ортаға тастады.
Пікірсайысқа сарапшы болған БҚМУ-дың оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Ғизатов ұлы Абайдың «Бөтен сөзбенбылғансасөзарасы,ол–ақынныңбілімсізбейшарасы» дегеніндей, кейбір жастың қазақ тіліндегі баламасы бар сөздерді орысша айтуының дұрыс еместігіне назар аудару қажеттігіне тоқталып, жалпы ойынның жақсы өткенін жеткізді.
- Бұрын мектептерде кәсіподақтан 100 адамның біреуіне демалыс орнына демалуға жолдама берілетін. Төраға болып келген алты жылдың ішінде 50 адамның біреуіне 50 пайыз жеңілдікпен жолдама беретін жағдайға жеттік. Одан да көбірек қамтуға қаражат жетпейді. Сондықтан мұғалімдер еңбек демалысына берілетін қаржыға қоса сауықтыру жәрдемақыны демалуға жұмсаулары керек. Басшылыққа келген кезімде салалық кәсіподақ мүшелері 22 мың болды. Мектептерге барып, мүшелікке тарту жұмыстарының нәтижесінде төрт жылда бізге 16 мың адам қосылды. Бүгінгі таңда біз жылына 500 адамға демалуға жолдама береміз. Мұғалім жас болсын, егде болсын жылына бір рет демалуы керек. Кәсіподақ жыл сайын облыстық деңгейде «Денсаулық» спартакиадасын өткізеді. Алдағы жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткізілетін спартакиадасына әр аудан, қалалық кәсіподақ ұйымдарында іріктеу жарыстарына дайындық басталады. Кәсіподақ қозғалысын дамыту бағытында жұмыстар жалғасады», - деді жиынды қорытындылаған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Марат Даупаев.
Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясындағы кәсіподақты жаңғырту жолында көптеген жұмыстар атқырылып отырғанын және осындай шараларды ұйымдастыру арқылы жастарды кәсіподаққа көптеп тарту жұмыстары туралы өз ойымен бөлісе отырып, фейсбук желілері арқылы кеңінен ақпараттық жұмыстарды насихаттау қажеттігін жеткізді.
Басқосу соңында пікірсайысқа қатысушыларға салалық кәсіподақтың дипломы мен «Ұлттық салт-дәстүр» атты кітап табыс етілді.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
-
Фотографии
-