Жолдауды насихаттау тобы Ойылдан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау үшін құрылған топ түсінік жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай округі Құрман елді мекенінде болды. Ақпараттық топтың мүшесі, Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы Г.Избагамбетова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұстаз беделін арттыруға ықпал ететін тың бастамалар көтерілгенін және мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартумен байланысты қадамдар жүзеге асатынын баса айтты. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-