Сыр спортшы ұстаздары ұлықталды
Білім қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында 29-30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өткен Қазақстан мұғалімдер спартакиадасының жеңімпаздарын ұлықтады.
Республикалық спартакиада шағын футбол, баскетбол, волейбол спорт түрлері бойынша өтіп, аймағымыздың ұстаздары 17 команданың ішінде жүлделі III орынға ие болды.Қазақстан мұғалімдері спартакиадасында шеберлік танытып, облыс құрама командасының жеңіске жетуіне белсенді атсалысқан 32 ұстаз облыстық білім басқармасы және облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапатталды. Кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы жеңімпаз ұстаздарға Бурабай курорт аймағында орналасқан «Жұмбақтас» пансионатына жолдама тапсырды.
Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы облыстық спартакиаданың ұйымдастыруына және республикалық спартакиадада мұғалімдердің жоғары деңгейде өнер көрсетуіне үлес қосқан бір қатар спорт саласының қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында жастар арасында дене шынықтыру тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және дамыту ісіндегі елеулі еңбектерін бағалап бір қатар ардагер-ұстаздарға, облыстық спорт басқармасының қызметкерлеріне, жаттықтырушыларға облыстық білім басқармасының және кәсіподақ комитетінің Алғыс хаты және бағалы сыйлықтары тапсырылды.
-
Фотографии
-