Келешектің кілті - кемел білімде!
Ағымдағы жылдың 25 қазан күні «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кəсіподақ ұйымы" қоғамдық бірлестігі Сарқан аудандық филиалының желілік кестеге сәйкес «Сенім» білім беру мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Жиында білім беру мекемесінің директоры, облыстық маслихат депутаты Жамал Құлахметова сөз алып, аталмыш білім ордасы биылғы жылы бірінші қыркүйекте 35 оқушыға есігін ашып, өз жұмысын бастағанын жеткізді.
Сонымен қатар, білім беру мекемесінің мақсатымен бөлісіп, 1-4 сынып оқушыларына үй тапсырмасын орындауға көмектесу, тілді дамыту, логикалық есептер шығаруға ықпал ету үшін 5 қызметкер жұмыс істейтінін, орталықта үш оқу және бір робототехника кабинеті барын тілге тиек етті.
Шарада Сарқан аудандық филиалының төрағасы Ермек Алинов жаңадан ашылған орталықтың жұмысымен танысып, ұзақ жылдар қызмет атқарған ардагер ұстаздардың бала тәрбиесіне және оқушылардың білімін шыңдаудағы бастамасына сәттілік тіледі.
Алматы облыстық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының
Сарқан аудандық филиалының
есепшісі С.Смаилова