Тығыз байланыс
Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының базасында 30 қазан күні аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төраға мен төрайымдарына Облыстық кәсіподақ көшбасшысының педагогикалық мектебінің ұйымдастырумен «Кәсіподақ менеджменті бастауыш ұйымды басқару жүйесі ретінде» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің бас маманы, заңгер Жаркенова Гүлшат Оралқызы «Ұжымдық шарттың орындалуы» туралы слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арынова Алма Файзрахмановна -«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің бас маманы «Кәсіподақ органдары қызметкерлерінің жұмыста қолдануына арналған нұсқаулық құжаттардың» жинағын және іс-қағаз жүргізу туралы үйлестірмелі материалдарды таратты. Қабдығали Жұлдыз Дүйсенбекқызы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің бас бухгалтері «Кәсіподақ қаражатын пайдалану жолдары» туралы және әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Теориялық бөлім мен қатар тәжірибелік бөлімінде 3 топқа бөлініп, пікір алмасты. Яғни алған мағлұматтарды бекіту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл бөлімде төраға мен төрайымдар өздерінің тәжірибелі де ұйымшыл екендігін көрсете білді.
Семинар өте қызықты әрі танымды болды. Қатысқан Баянауыл ауданы бойынша барлық бастауыш кәсіподақ ұйымының төраға мен төрайымдарының барлығының көңілінен шықты, қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алды. Осындай деңгейде семинарлар жиі болуға ұсыныс білдіреміз. Семинардағы материалдарды және басқа да сұрақтар бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының сайтына кіріп байқауға болады. Семинар қатысушыларына сертификат берілді.
Жусупбаева Айнагүл Калымбеккызы,Ш.Айманов атындағы жалпы орта
білім беру мектеп-интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фотографии
-