МАЗМҰНДЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 24-25 қазан күндері «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ Индер және Махамбет аудандарында әлеуметтік әріптестік тараптарын еңбек заңнамасына оқыту смеминарын жалғастырды. Семинарға жұмыс берушілердің басшылары (білім беру мекемелерінің директорлары), келісу комиссияларының, жаңадан сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және техникалық инспекторлар қатысты. Семинарда еңбек заңнамасы негіздері бойынша сауаттылықты арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алуды дамыту, жаңартылған білім мазмұнын жетілдіру төңірегінде сөз болды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының XIV съезінің қорытындылары және алда тұрған міндеттер», «Атырау облысы мемлекетік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-нің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қадағалау бөлімінің басшысы С.А. Джабасов «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс берушінің міндеттері», «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ білім беру дәрісінің психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі, бастауыш сынып бойынша трнері Э:А. Төребекова «Жаңартылған білім беру мазмұны» және заңгер Ю.А. Айбосынова «Қазақстан Республикасы еңбек заңдылықатрын қолдану тәжірибесінен» атты тақырыбында баяндамалар жасады.
Семинар барысында тыңдаушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап беріліп, бір топ ұстаздар мен кәсіподақ белсенділеріне марапаттар тапсырылды.
-
Фотографии
-