Музыка мектебіне 40 жыл
Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық балалар музыка мектебінің 40 жылдық мерей тойы атап өтілді. Мерекелік шараға аудандық білім қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Сабенова қатысып,ұжымды құттықтады.Музыка мектебінің ұстаздарына облыстық, аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты табысталды. Және де музыка мектебінің ұжымына аудандық кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйақы, кәсіподақ мүшелеріне «Бурабай» сауықтыру орталығына сертификат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ