Алға колледжіндегі қоғамдық бақылау
Еңбек қауіпсіздігі мен заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ бас маманы А.Алимпиев, маманы Н.Жетпісбай «Алға индустриялық-техникалық колледжі» МКҚК-де қоғамдық бақылау жүргізді. Кəсіподақ қызметкерлері қоғамдық бақылаумен қатар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша колледж қызметкерлерімен семинар өткізді. Еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен оқытушылар мүддесін қорғау бойынша оқу орны қызметкерлерімен сауалдар жолданып, заң шеңберінде жауаптар алынды, кеңестер берілді. Колледж директорының м.а. Н.Ахметова, кәсіподақ төрайымы Ш.Мулдагалиева және кадр бөлімі инспекторы Г.Агниязова жүргізіліп отырған жұмыстарымен таныстырып, тəжірибелік жəне əдістемелік көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ