Қобдадағы қоғамдық бақылау
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы А.Серимбетов Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының құжаттарының, кәсіподақ мүшелерінен түскен сұрақтар мен арыздарды қарау құжаттарының, аудандық ұйымның хаттамаларының, кіріс-шығыс кітаптарының жүргізілу тәртіптерін қарап, ескертпелер берді. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында Қобда орта мектебінде (директоры Г.Балгарина, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Мурзабекова) және «Шұғыла» бөбекжай-бақшасында (меңгерушінің міндетін атқарушы Г.Тулешова, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ш.Тынымгереева) қоғамдық бақылау өткізді. Ұжымдық шарт талаптарының орындалуына назар бөліп, еңбек шарттарының толтырылуын қарады. Кемшіліктерін анықтап, түзету жолдарын көрсетіп, кеңестер берді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-