«Білімді ұрпақ тәрбиелеудегі мұғалімнің ролі» атты облыстық көшпелі семинар өтті
22 қазан күні Ақтөбе облысы Қобда ауданында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және Қобда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімді ұрпақ тәрбиелеудегі мұғалімнің ролі» атты облыстық көшпелі семинар өтті. Семинар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы жоладауында дарынды балаларға қатысты айтылған міндеттерді жүзеге асыру және Қобда ауданы бойынша дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың озық тәжірибе көріністерімен бөлісу, дарынды ауыл жастарын іріктеу, оларды қолдау мақсатындағы шаралар өткізу, әдістемелік кеңес беру мақсатында өткізілді. Семинар жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының бас маманы А.Серимбетов қатысып, Қобда аудандық білім бөлімінің әдіскері Ашенова Светлана Зинекеевнаны Құрмет грамотамен және облыстық кәсіподақ есебінен шипажайға демалуға Сертификатпен марапаттады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ