Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті кеңейтілген Кеңес отырысын өткізді
Күн тәртібінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ХIV Cъезінде қабылданған кәсіподақ қызметінің 2019-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөнінде, облыстық бастауыш кәсіподақ ұйым төрағаларының «Үздік кәсіподақ көшбасшы-2019» байқауын өткізу туралы қаралды. Кеңес отырысына аудандық, қалалық, бастауыш кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ ардагерлері қатысты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова ХIV Cъезд шешімдерінің орындалуына және 2019-2024 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Білім және ғылым қызметкерлері мен білім алушылардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, әлеуметтік әріптестікті дамыту, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін заңды қорғау,еңбек пен денсаулықты жақсарту, ұйымдастырушылық және кәсіподақ қызметін ақпараттық қамтамасыз ету басымдықтарын атады.
Сонымен бірге съезд делегаттары Жалағаш ауданы №202 орта мектебінің бастауыш ұйым төрайымы Л.Алтынбаева, қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы О.Алимбетова, №7 облыстық интернатының бастауыш ұйым төрайымы Қ.Айдарғазиева саладағы реформаларды ілгері жылжытуға, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, сараптау мен талдау жасауға кәсіподақ жұмысын бағыттау керек екендігі жөнінде айтты.
Сонымен қатар Кеңес отырысында салалық кәсіптік одағының құрылғанына 95 жылдығына байланысты кезінде 10-15 жылдап абыроймен бастауыш кәсіподақтарын басқарған және қызмет жасаған ардагерлер марапатталды.
-
Фотографии
-