І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ
Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шара жалғасуда. Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымына қарасты І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кәсіподағы бірқатар кәсіподақ белсендісін марапаттады.
Мерекелік шарада кәсіподақ төрағасы Ерлан Хаймулданов 800-ге жуық кәсіподақ мүшелері барын, онда әр факультетте қоғамдық жұмысты жандандырып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына алғысын білдірді. Сағира Шагирова, Ғалия Жепенова, Гүлнар Шатырбаева, Жемісжан Имангазинова, Гүлшат Джаманаева, Меруерт Смағұлова, Динара Ашимова, Берік Сарсенбаев, Руслан Вишняков сынды кәсіподақ белсенділеріне кәсіподақ атынан Алғыс хат табыс етті.
Мерекелік қабылдауға келген белсенділер кәсіподақ жұмысының жанданғанын айтып, алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істейтінін жеткізді.
Маржан Сейтқалиева,І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті кәсіподақ филиалының есепшісі
-
Фотографии
-