БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, БӨРЛІ АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
2019 жылдың 12 қазанда № 8 ЖОББ мектебінде Бөрлі аудандық кәсіподақ ұйымымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында Бөрлі ауданының 42 ардагер ұстаздарына құрмет көрсетіліп, ұжымның ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама берілді. Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің басшысы О.Т.Тулемисов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, Бөрлі ауданының кәсіподақ ұймының төрайымы А.Ж.Имашева ардагер ұстаздарды құттықтап, оларға сыйлықтарды табыстады. Концерттен кейін барлық ардагер ұстаздар құрметіне дастархан жайылып, керемет кеш өткізілді.
-
Фотографии
-