Атыраулық кәсіподақтар кәсіби мерекесін атап өтті
Кез келген мамандықтың өкілі оның еңбегі бағаланғанда бойын қуаныш билейді. Кәсіподақтық жұмысымен кәсіби түрде айналысатын еріктілердің, яғни кәсіподақ жетекшілері мен белсеңділерінің еңбегі назардан тыс қалмай, ҚР Үкіметтің 2019 жыл 22 мамырдағы № 303 қаулысына сәйкес тұңғыш рет ресми түрде 10 қазан – Кәсіподақтар күні деп белгіленіп, Атырау облысында биыл алғашқы рет ресми түрде аталып өтті.
Облыстық Кәсіподақтар үйінде мерекеге орай салалық кәсіподақтарының өкілдірінің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Жиында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов құттықтау сөз сөйлеп, ұйымның өңір экономикасын дамытудағы жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ, өңірдің саяси-әлеуметтік жағдайын арттыруға қосқан зор үлестері үшін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төс белгілері мен Құрмет грамоталарын тапсырды. Сонымен қатар, салтанатты мәжілісте Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағының төраға орынбасары Елена Мустафина, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атырау облысы филиалының төрайымы Жұмазия Есімова республикалық ұйымдарының марапаттарын тапсырды.
«Senim» денсаулық жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Майра Қашкенова медицинаның жас мамандарына арнайы көмек көрсету сертификаттарын тапсырды.
Жиын соңы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясының концертіне ұласты.
-
Фотографии
-