Талдықорған қаласында ұстаздар марапатталды
Ағымдағы жылдың 9 қазаны күні Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайы» ғимаратының мәжіліс залында кәсіподақ белсеңділеріне арналған «Ұстазым менің, ұстазым» атты мерекелік қабылдауы өтті.
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және сала ардагерлері қатысты.
Салтанатты қабылдауда Талдықорған қалалық филиалыныңтөрағасы Мэлс Төлепбергенов сөз алып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің саны күннен күнге өскені және ұстаздардың қоғамдық жұмысқа белсенділіктерінің артқанын айтып, бірқатар ұстаздарды марапаттады.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасының орынбасары Естібаев Нариман Естібайұлы өз құттықтауын жеткізіп, ұстаздардың жұмысына сәттілік тіледі.
Облыстық кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Тұрысбеков Болат Каметұлы №12 бала бақшасының меңгерушісі Алмагүл Омарова, №14 балабақшасының меңгерушісі Светлана Смагулова және №5 балабақшасының меңгерушісі Ғалия Молдаханованы облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Сонымен қатар, «Оқушылар сарайы МКҚК директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Алмагүл Арапова, №13 балабақшасының меңгерушісі Айгүл Майтжан және №6 балабақшасының меңгерушісі Гүлзат Манджекова облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасын иеленді.
Шара соңында Оқушылар сарайының бүлдіршіндері әндерін айтып, мың бұрала билеп, ұстаздардың көңілін көтерді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-