АЙТЫС – ҚАСИЕТТІ ӨНЕР
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ: 28 қыркүйек – «Еңбек», 6 қазан – «Ұстаздар» және 10 қазан – «Кәсіподақтар» күндеріне орай «Ұстаз – мектеп жүрегі, «Мәңгілік ел» тірегі» атты тақырыбымен облыстық жас ұстаздар айтысын өткізді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің акті залында өткен жыр додасына 12 айтыскер бақ сынасты.
Жыр сайысының арқауы – жастар арасында ұстаздық мамандықты жаңғыртуға, ұстаздың қоғамдағы рөлін арттыруға, ардагер ұстаздарды лұқтауға, жас кәсіподақ мүшелерінің белсенді іс-қимылдары және т.б. кең көлемді түйіткілдер мәселелері болды. Өнер сайысының қорытындысымен: Бас жүлдені – Ә.Қайыров, бірінші орынды – М.Бекентайұлы, екінші орынды – А.Панабердиев, Н.Қаруова (Қызылорда облысынан келген қонақ) және үшінші орынды – Е.Қарақойшы, Б.Әбілқайыр, Б.Кеңесовтер иеленді. Айтыстан жүлдесіз ешкім кетпеді, қалған 5 қатысушыға «Ынталандыру сыйлығы» берілді.
Осылайша сөз маржанын терген айтыскерлер мереке алдында облыстың барша ұстаздарына көтеріңкі көңіл сыйлады.
-
Фотографии
-