БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ САЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ АЯСЫНДАҒЫ ШАРАЛАРЫН БАСТАДЫ
20 қыркүйек күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы ҚР Кәсіподақтар күні қарсаңында БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қалалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына қалалық кәсіподақ белсенділері, жаңадан сайланған кәсіподақ төрағалары және қазынашылары қатысты. БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Атқару комитетінің 17.09.2019 жылғы №3 Қаулысымен кәсіподақ жұмысын жүргізудің бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған шарада білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының бас маманы – заңгер Гүлжанат Құрманғазиева бастауыш ұйым туралы Ереже, ұйымның негізгі құжаттарының тізілімі мен мазмұны, ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу жүйесіндегі салалық келісімдер, ұжымдық шарттар, еңбек қауіпсіздігі саласындағы қызметкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кәсіподақтардың міндеті және жеке еңбек дауларын шешу сияқты мәселелерді қатысушыларға кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, бас есепші Гүлнұр Хаирлиева кәсіподақтағы қаржылық есепті жүргізу тәртібі және ресімделуі, қаржының жарғы негізінде жұмсалу бағыттары, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын сауықтыруды ұйымдастыру тәртібі, білім саласына еңбегі сіңген қызметкерлерді кәсіподақтық және мемлекеттік наградалар мен марапаттарға ұсыну тәртібі жайында баяндады. Кәсіподақ белсенділері өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының бас маманы Курмангазиева Г.
-
Фотографии
-