БІЛІМПАЗ ТОП АУДАНҒА ШЫҚТЫ
Өткен аптада облыс орталығынан білім саласы қызметкерлерінен құрылған топ шалғайда орналасқан Қызылқоға ауданында іс-сапармен болды. Құрамында облыстық білім беру басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ж.М. Төремұратова, облыстық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А.Е. Рамазанова және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы, заңгері Ю.А. Айбосынова бар топтың мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын түсіндіру болатын.
Аталған топ мүшелері ауданның 6 елді мекеніндегі 7 білім беру орнында болып, жаңа оқу жылына белсене кіріскен педагогтармен кездесті. Кездесуде Президент алға қойған білім сапасын жақсарту, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің алшақтығын жою, ұстаздардың біліктілігін ұштау, педагогтардың мәртебесін арттыру, оқушыларды ыстық тамақпен қамту және т.б. мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің материалдық жағдайын күшейту мен қысқы жылыту маусымына дайындық мәселелері де тыс қалмады. Өз кезегінде ұстаздар тарапынан болған ұсыныс-тілектерге орынды жауап беріліп, облыс орталығынан жан-жақты практикалық көмек беру мәселелері қарастырылатын болды.
Арнайы топтың келесі сапары басқа аудандарда жалғаспақ
-
Фотографии
-