Аға ұрпақты құрметтеу, болашақ ұрпақтың көрегендігі
Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырындағы №303 қаулысы нормативтік – құқықтық актлердің ақпараттық – құқықтық жүйесінде «10 – қазан Қазақстан кәсіподақтары күні», деп жариялануына орай Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, «Қазақстан Кәсіподақтары күнін» атап өту үшін, комитеттің іс шара жоспарына сәйкес біршама жұмыстар атқарды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі және «Қарттар күні» белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Кәсіподақтар күнімен тұстас келген қос мерекені бірге атап, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекке ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата – бабадан келе жатқан салтымыз болғандықтан, қоғамға елеулі үлесін қосып, ұстаздық жолда тынбай еңбек еткен ұстаздарға сый – сияпат жасалынды. Көп жыл білім саласында басшы қызметін атқарған ұстаздардың ұстазы атанған Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта мектебінің директоры Элмир Абдувахабовқа теледидар тарту етілді. С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарған, зейнеткерлік жастың зейнетін көремін деген үміті ақталмай өмірден өткен кәсіподақ мүшесі Р.Нышановтың жанұясында болып,«Еске алу»мақсатында өзі көре алмаған теледидарды жанұясына сыйға тарту еттік. Рахым Бабажанұлы еңбегінің барлық бөлігін ұрпақ тәрбиесіне арнаған, адал, еңбексүйгіш, ізденімпаздығымен есімізде мәңгі сақталады.
Шәкірттеріне білім мен тәрбиені қатар берген аға ұрпаққа деген ілтипатымыз шексіз. Аға ұрпақты құрметтеу – ол болашақ ұрпақтың көрегендігі. Кәсіподақтар мерекесіне арналған салтанат осындай игі іс шаралармен басталды.
Түркістан қалалық білім жәнеғылым қызметкерлері
кәсіподақкомитетінің маманы М.Кенжебаева
-
Фотографии
-