Кәсіподақ белсенділеріне шабыт - берген жолдау!
Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын
мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз саяси реформаларды «Асығыстыққа салынбай» кезең-кезеңімен табанды түрде жан-жақты ойластырып жүзеге асырытын боламыз» деп,атап өтті. Заман талабына сай тиімді жұмыстар атқарудың нақтылы жобасын ұсынды.Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ақуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болатынын,«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын іске асыру-бәрімізге ортақ міндет екенін ескертті. Бүгінгі таңда ел бірлігін сақтауда,халықтың демократиялық көз қарасын қалыптастыруда мемлекет басшысы ретінде еліміздегі көп партиялықты,саяси бәсекелестікті,ой-пікірдің сан алуандығын дамытуды өз міндетім деп халықтың көкейінде жүрген күрделі мәселенің бастауын көрсетті. Халық пен билік арасындағы байланысты адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударуды арттырып,байланыс көпірін қалыптастыруды міндеттеді.
Жолдауда қоғамдық келісімді нығаитуда, ел бірлігін сақтауда ұлтаралық қатынасТілүлкен саясат құралы екендігіне,қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажеттілігіне айрықша тоқталды. Бұл бүгінгі таңда тәуелсіз қоғам кәсіподақ үшін -үлкен мәртебе. Қоғамдық ұйымдармен биліктің бірлесе жүргізген жұмыстарының нәтижелі болуына әсері молЖолдауболып табылып отыр. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің басты мақсаты: Жұмыс беруші яғни мектеп әкімшілігі мен ұстаздар арасындағы тең дәрежедегі келісімі, екі жақтың түсіністікпен тіл табысудағы жасаған үлкен қадамы. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, құқықтық қорғалуын заңмен талап ете алатын тәуелсіз қоғамдық ұйым болғандықтан, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында теңсіздіктерді болдырмау мақсатында, дауларды шешудің ерекше тетігіәкімшілік әділет құрылымыненгізу аса құптарлы мәселе.
Мемлекет басшысы білім сапасын жақсартумен жастарды толық жұмыспен қамту үшін мектеп қабырғасында оқушылардың қабілетін анықтап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына тоқталды. Оқушылардың кәсіби қабілетін анықтап,оқушының беиім-қабілетіне қарай кәсіптік бағытты мектеп қабырғасынан бастау тиімді әрі пайдалы. Оқушыларды мамандыққа баулу, мамандықтың қыр-сырын игерту болашақта жастардың жұмыссыз қалуына жол бермеудің бастамасы болмақ.
Жас мамандардың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін«Дипломмен-ауылға»бағдарламасының аясын кеңейту мәселесінде көтеріп, үкіметке осы бағдарламаны қаржыландыру туралы тапсырма берді. Біздің қалада осы бағдарлама ойдағыдай жүріп отыр деуге келмейді. Жоғары билік өкілдерімен, мектеп басшылары бірлесе отырып осы мәселені шешуді қолға алуы қажет.
Дарынды баланың қабілетін арттыру жолында мұғалімдердің білім сапасының жоғары, оқулықтардың жеткілікті және сапалы болуына назар аудару маңызды мәселе. Мұғалімдердің біліктіліген арттырып, жан-жақты ізденуіне мүмкіндік мол болуы керек. Біздің қалада заман талабына сай төрт мектепдербес қаржыландыру тәртібіненгізу мақсатында тәжірибиеден өтті. Тәжірибиені іске асыруда бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру мүмкіндіктерін қарастыру және мектептерді дербес қаржыландыру тәртібіне енгізу туралы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жоғары биліктің басты міндеті.
Отбасы және бала иниститутын қолдауға Мемлекет басшысы ерекше тоқталды. Осы орайда бізде денсаулығында кінәраті бар, туа бітті мүгедек балаларға арналған мектептен тыс екі мекеме жұмыс атқаруда.Медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді талап ететін балалар үшін үйден оқыту барлық мектептерде қарастырылған. Денсаулығына байланысты мүгедек балалар есепте тұрады, оларға ерекше қамқорлық жасалған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздар қауымын қуантқан ең үлкен бастамасы- мұғалім мәртебесін жоғарылату, беделін арттыру және айлық жалақысын көбеиту туралы үкметке қойған талабы. Жаңа дамыған қоғамды қалыптастыру үшін білім сапасының жоғары болуы, тәрбиенің өз дәрежесінде берілуі барша педагог қауымның міндеті. Мемлекет басшысының жолдауы-Тәуелсіз еліміздің бірлігін сақтап, дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде өсіп-өркендеуіміздің бағыт, бағдары.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ комитетінің кеңесшісі: Г.Әсілбаева