Алматы облысында жастар Кеңесінің мүшелері бас қосты
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған жастар Кеңесінің отырысы өтті.
Оған облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров, облыс, аудандық, қалалық деңгейдегі жастар Кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан туындайтын жастар Кеңесінің мақсаттары мен міндеттері, Текелі қалалық филиалы жанындағы жастар Кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмысының қорытындысы сынды мәселелер қаралды.
Шара барысында ұйымның төрағасы Садық Нұрсапаұлы Мемлекет басшысының Жолдауын жас мамандарға таныстырып, оның ішінде білім саласына ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта ауыл мен қала мектептеріндегі алшақтығы, елді-мекендегі маман тапшылығы жайында сөз қозғап, 10 жылға жуық жүргізілген «Дипломмен ауылға» бағдарламаның ауқымы кеңейе түсетінін жеткізді.
Сонымен қатар, жастар Кеңесіне кәсіподаққа жас ұстаздарды тарту және қоғамдық жұмысқа деген ынтасын арттыру мақсатында әртүрлі шараларды ұйымдастыруды тапсырды.
Отырыста Текелі қалалық филиалының жанынан құралған жастар Кеңесінің төрағасы Гүлжазира Орденбек Жастар жылына арналған жұмыс жоспары және орындалу барысы туралы баяндады. Онда қалалық деңгейде өтілген шараларды тізбектеп, ұстаздар тарапынан айтылған ұсыныстармен бөлісті. Қалалық кәсіподақ филиалдарының демеуімен жас мамандардың арасында ұйымдастырылған байқаулар және спорттық жарыстардың жеңімпаздары дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталғанын жеткізді.
Жиында жастар Кеңесінің мүшелері қаралған мәселелерді оң бағалап, алдағы жұмыс жоспарын талқылап, өзара пікір алмасты.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-