Кәсіподақ өкілдерінің Алакөл ауданына іссапары
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі күні Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров, төраға орынбасары Нариман Естібаев және Алакөл аудандық филиалының төрағасы Кенжебек Алпысбаев Алакөл ауданындағы Тоқжайлау политехникалық колледжінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Нұрсапаұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауына тоқталып, оның ішінде білім беру саласындағы өзгерістер мен толықтырулар жайын сөз етті. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы жақын арада қабылданатынын жеткізіп, ұстаздардың мәртебесі көтерілетіне сенім білдірді.
Сонымен қатар, облыстық ұйымның атқарған жұмыстарын айтып, ұжымдық шарттың еңбек ұжымындағы рөлі, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру мәселелерін және мәдени-көршілік шараларды атап өтті.
Жиында ұстаздар қауымы Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Мұғалімдердің тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіподақ өкілдері жауап берді.
Қоғамдық бірлестіктің басшылары Тоқжайлау орта мектебі мен «Гүлім -Ай» балабақшасының тыныс- тіршілігімен танысты. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы оқу кабинеттерін аралап, білім мекемелерінің жұмысы оң бағалады.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-