Кәсіподақ ұйымынан көмек
Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы « Жүректен жүрекке» ұранымен 3 шілдеден -30 қыркүйек аралығында өткізіліп жатыр.
Бұл шараның мақсаты – еліміздің ертеңі-балаларға қамқорлық көрсету, көпбалалы отбасылардың балаларына сапалы білім алуына және қиын жағдайда қалған балаларға мейлінше жағдай жасау, мекеме басшылары мен қайырымды жандарды акцияға қолдау көрсетуге шақырып, балаларға демеушілік жасау. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады. Сонымен қатар, акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтауға, мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге басты назар аударылады.
Осы акцияға Бұқар жырау аудандық кәсіподақ ұйымы да белсенді ат салысты. Жыл сайын өтетін қайырымдылық шарасы акциясы аясында аудандық кәсіподақ мүшелерінің балалары қамтылды. Қайырымдылық көмек «Жаңаталап орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Ибрашев Еркебұланға, ЖББ №1 қазақ тірек мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Ерханов Мейрамға, Новоузенка негізгі орта мектебінің 8 сынып оқушысы Утегенова Мадинаға, Елгезек негізгі орта мектебінің 3 сынып оқушысы Тулуйбергенов Абильтайға және ЖББ №1 қазақ тірек мектебінің 8 сынып оқушысы Оспанов Самғатқа көрсетілді.
Кәсіподақ ұйымы атынан балаларға қаржылай көмек көрсетіліп, мектепке қажетті киім-кешектер мен қажетті құрал-жабдықтар алынды. Қажетті киім-кешек және құрал-жабдықтарды Бұқар жырау аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Хамитова Эльвира Карибаевна табыс етті. Балалардың ата – аналары кәсіподақ ұйымына өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Бұқар жырау ауданының
Білім бөлімінің әдіскері
Шаймұрат Гүлнұр
-
Фотографии
-