ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Атырауда облыстық әкімшілік үйінде аймақ кәсіподақ ұйымының жетекшілері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылаған мәжіліс болып өтті. Жиналыста алдымен сөз алған аймақ басшысы Н.А. Ноғаев өңірде Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда жергілікті деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды саралап берді.
Содан кейін ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының І орынбасары Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков мінбеге көтеріліп, аймақтық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан зор үлесі үшін Атырау облысының әкімі Н.А. Ноғаевқа «Үздік әлеуметтік әріптес» белгісін тапсырды.
Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Сүндетұлы «Барлығыда адам игілігі үшін» атты баяндама жасады.
С.Қапсихова, «Ұстаздық еңбек»
-
Фотографии
-