Қ. Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылды
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров, Көксу аудандық филиалының төрайымы Дина Нүсіпова алғашқы қоғырау мерекесі аясында Қ. Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының салтанатты шарасына қатысты.
600 орындықты мектеп-гимназия 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған. Білім ордасы қазіргі заманауи материалдық-техникалық базасымен толық қамтылған.
Аталмыш мектептің директоры Мұрат Төлекенов шара барысында өткен 2018-2019 оқу жылында еңбек ұжымының жеткен жетістіктерімен бөлісіп, түлектердің ішінде 7 оқушы «Алтын белгі», 2 оқушы «Үздік аттестат» игері атанғанын және 24 оқушы мемлекеттік білім грантын иеленіп, жоғары оқу орнына түскендігін баяндады.
Облыстық ұйымның төрағасы Садық Нұрсапаұлы кәсіподақ мүшелерін жаңа оқу жылымен құттықтап, табысты еңбек етуге шақырып, жиын барысында республикалық Тамыз кеңесіне қатысқан Мемлекет басшысының тапсырмасын ұстаздар қауымына жеткізді. 39 жыл білім саласында жұмыс істеп, оның ішінде 20 жылдан астам уақыт басшылық қызметті атқарған Мұрат Баянұлы мен кәсіподақ мүшесі Динара Мұхтарқызына облыстық ұйымның бағалы сыйлығы және Құрмет грамотасымен марапаттады.
Сонымен қатар, облыстық ұйым төрағасының орынбасары Нариман Естібайұлы Ескелді ауданындағы Қарабұлақ орта мектебінің ұстаздарын құттықтап қайтты.
Қоғамдық бірлестік басшылары аудандарға қарасты бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-