Кербұлақ ауданында мектептер жаңа оқу жылына толықтай дайын
Ағымдағы жылдың 28 тамызы күні «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Жақан Ноғайбайұлы ауданға қарасты бірқатар білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Кәсіподақ өкілі алдымен Т. Құлыбеков және Жапаров атындағы орта мектептеріндегі оқу кабинеттерінің талапқа сай болуына, қызметкерлердің қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың орналастыру реті сынды жұмыстардың орындалғанын қадағалады.
Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктің басшысы 1965 жылы іргесі қаланған Панфилов атындағы орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Мектеп 640 оқушыға арналған. Бүгінгі күні 340 оқушыға 44 мұғалім білім беруде. Аталған білім ордасының барлық оқу кабинеттері мен спорттық алаңдары толық жаңартылып, оған жергілікті бюджеттен 390 000000 теңге бөлінді.
Шара соңында жоғарыда аталған мекемелердің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына аудандық филиал төрағасы Жақан Дуанаев жаңа оқу жылында жұмыстарына табыс тілеп, барлық деңгейдегі жөндеу жұмыстары уақытында аяталғанына көз жеткізді.
Г. Иманбаева,
Кербұлақ аудандық филиалының есепшісі
-
Фотографии
-