Ақтөбе облысы Ойыл ауданы білім беру қызметкерлерінің «KELESHEKKE- KEMEL BILIMMEN!» тақырыбында тамыз педагогикалық тамыз кеңесі өтті
2019 жылдың 22 тамыз күні Ақтөбе облысы Ойыл ауданы білім беру қызметкерлерінің «KELESHEKKE- KEMEL BILIMMEN!» тақырыбында тамыз педагогикалық тамыз кеңесі өтті. Дәстүрлі тамыз кеңесіне аудан әкімі Асқар Қазыбаев, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бас маманы Нұркен Жақсыбаев, Ойыл аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Избагамбетова, аудандық білім беру саласындағы ардагерлер, білім беру басшылары, педагогтар қатысты. Республикалық тамыз кеңесіндегі мемлекет басшысы Қ.Тоқаев білім саласындағы атап көрсеткен өзекті мәселелерді баса назарға ала отырып, 2018-2019 оқу жылында атқарылатын шаралар мен нақты жоспарлар сараланды. Аудандық тамыз кеңесінің жоғары деңгейде өтуіне аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы да демеушілік жасады. Ұстаздар қауымына жаңа оқу жылына сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ