Ақтөбе облысы Шалқар ауданының педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті
Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданының педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен алда тұрған басты міндеттерді айқындайтын, негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндеуге, пікір алысуға мүмкіндік беретін, білім сапасын жаңа серпіліспен бастауға бағыт беретін бұл басқосуға аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Қонақбаев, қала әкімі, ауданның бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауданның білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Шалқар ауданының білім бөлімінің басшысы А.Б.Абдыков " КELESHEKKE - KEMEL BILIMMEN" тақырыбында баяндама оқып, өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Қонақбаев жалпы білім саласының бір жылдық жұмысына баға беріп, қорытынды жасады. Педагог қызметкерлер ҚР білім және ғылым министрлігінің, Ақтөбе облыстық білім басқармасының, республикалық және облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар бар өмір жолын ұрпақ алдындағы жауапкершілігі мол мамандыққа күш қайраты мен жастық шағын арнап, бүгінгі таңда зейнеткерлікке шыққалы отырған 11 аяулы ұстаздарымызға осы үлкен жиында аудандық кәсіподақ ұйымы атынан еңбектеріне алғыс білдіріп ақшалай және заттай сыйлық табыс етілді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ