Ақтаудағы «Мектепке жол» акциясы
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалы 2019 жылдың тамыз айының 23-інде қалалық білім беру және мектепке дейінгі бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің арасында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.
«Мектепке жол» акциясының мақсаты: оқу жылының басына дайындық кезінде аз қамтылған, көпбалалы отбасынан және әлеуметтік жағдайы осал топтағы оқушыларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеудің алдын алу.
Ұйымдастырылған шараға ата - аналар мен оқушылар қатысты. Қайырымдылық іс-шараға білім беру саласынан 15 қызметкер, мектепке дейінгі ұйымдардан 10 қызметкерлердің балалары қамтылды.
Шараны қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К. Енсегенова сөз алып, «Мектепке жол» акциясы биыл алғаш рет кәсіподақ ұйымы атынан ұйымдастырылып отырғандығы туралы және іс-шараның басты мақсаты, еліміздің ертеңі - балаларға қамқорлық көрсету, балаларға сапалы білім алуларына қолдау екендігі айтылып өтті.
Одан әрі осы акцияның ұйымдастырушы топтары таныстырылып өтті. Акция шеңберінде қалалық кәсіподақ ұйымы жанынан 25 оқушыға мектепке арналған сөмке мен қажетті оқу құралдары табысталды.
Қайырымдылық шараға қатысушы көп балалы ана №3 жалпы білім беру мектебінің кіші қызметкері Исколиева Ж.Т ұйымдастырушыларға ата-аналардың атынан балаларының мектепке баруына ықпал еткен қалалық кәсіподақ ұйымының қайырлы істеріне өз ризашылықтарын білдіре келе, бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымы қолдаушы күші екендігіне тоқтала келе, жұмыстарына табыс тіледі.
Сөз соңында Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы
К. Енсегенова балалар үшін ұйымдастырылған қайырымдылық ісіміз жыл сайын жалғасын табады деп қорытындылады.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы, К.Енсегенова
-
Фотографии
-