«Әділет» білім қызметкерлерінің қалалық кәсіподағының V Есеп беру-сайлау конференциясы өтті
019 жылғы 16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында «Әділет» білім қызметкерлерінің қалалық кәсіподағының V Есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияғасайланған делегаттармен қатар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы орынбасары А. М. Мұқашева, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының әкімшілік-құқық бөлімінің басшысы Ж. А. Кулушпаева қатысты.
Қалалық комитеттің 5 жылдық есебі тыңдалып, қанағаттанарлық баға берілді.
Сайлау нәтижелері бойынша Б. Ә. Әлиев төрағалыққа сайланды.Қазақстандықсалалық білім және ғылым қызметкерінің ХІV cъезіне 4 делегат сайланды.
Конференция соңында делегаттар мен қатысушы қонақтар Б. М. Наурузбаеваға сала кәсіподағындағы көпжылғы адал еңбегі үшін алғыс білдірді.
-
Фотографии
-