Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалы балаларға қуаныш сыйлады
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы он жылдан бері тұрмыс жағдайы төмен және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларына көмек беріп келеді.
Бұл бастаманы «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ-не қарасты Кербұлақ аудандық филиалы жалғастырып, жыл сайын кәсіподақ мүшелеріне демеулік жасауда. Қайырымдылық шара барысында биылғы жылы көмек алушылар саны 6 ұлғайған. Жылдан жылға ауқымы кеңейген акция аясында кәсіподақ филиалының тарапынан қомақты қаржы жұмсалды.
Шара көлемінде оқушылар өздеріне қажетті құралдар мен киімдерді таңдаса, көмекке мұқтаж жандар кәсіподақ жұмысының жандануына тілектес екенін жеткізді.
Бұдан өзге Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Жақан Дуанаевтың бастамасымен 25 оқушы Көктал-Арасан шипажайына демалып, балаларды қорғау күні қарсаңында бүлдіршіндерге ойыншықтар мен тәттілер үлестірген болатын. Филиал бұл аяцияны жыл бойы жалғастырып, бүлдіршіндерге барынша көмек көрсетпек ниетті.
Гүлнар Иманбаева,Кербұлақ аудандық филиалының есепшісі