«Еңбек дауларының алдын алу және оларды сотқа дейін реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел болды «Еңбек дауларының алдын алу және оларды сотқа дейін реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел болды
Ақтөбе облысы Ойыл аудандық сотында «Еңбек дауларының алдын алу және оларды сотқа дейін реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел болды. Ойыл аудандық сотының міндетін атқарушы Мусина Ақтолқын Жонысқызы өз баяндамасында еңбек дауларын сотқа дейін жеткізбей, медиатор арқылы жұмыс беруші, кәсіподақ және қызметкердің келісімімен шешуге болады, жеке еңбек дауын қарау тәртібі келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленетінін айтты.Сондай-ақ, Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Сабырқызы көптеген еңбек даулары сотқа жетпей, кәсіподақ және қызметкердің келісімімен шешіліп жататынын айтты.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ