Бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды
Жаңадан ашылған кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының шақыруымен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы А.Серимбетовтің еңбек ұжымының мүшелерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі жұмысының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, ұжымдық шарттың жасалу шарттары, 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы облыстық келісім, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделері, кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін жеңілдіктер мен қайырымдылық көмек түрлері туралы сөз болды. Ұжым мүшелерінің көптеген сұрақтарына жауаптар берілді. Кездесу барысында ұжым мүшелерінің ортақ шешімімен бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-