МӘТЖАН ОРЫНБАЙҰЛЫ 80 жаста
Ұстаздық етумен ұлықталған өнегелі өмір жолы көпке мәлім МӘТЖАН ОРЫНБАЙҰЛЫ 80 жастың сеңгіріне шықты. Қасиет қонып, кие шөккен Ақтөбе облысы Ойыл өңірінің азаматы ретінде Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан сүбелі үлесі мен ұрпақ тәрбиесіндегі ұлағатты істері біз үшін зор мақтаныш. Сонымен қатар, Мәтжан Орынбайұлы кәсіподақ саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, білім қызметкерлерінің еңбек құқығын және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау ісінде өз қолтаңбасын қалдырды. Мәтжан Орынбайұлын Ойыл аудандық білім қызметкерлер кәсіподақ ұйымы ақылман ақсақалды жасымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілеп, сыйлық жасады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ