Әйтеке би ауданы демалыста
Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық» шипажайында Ақтөбе облысының аудандарынан барлығы 110 ұстаз демалуда. Демалыстың екінші күнінде демалушылар күндізгі уақытта шипажай дәрігерлерінің белгілеген ем-домдарын қабылдап, кешкі уақытты түрлі шаралармен өткізді. Алдымен бильярд, үстел теннисі секілді спорттық ойындармен басталған кеш, одан әрі республиканың түкпір-түкпірінен келген демалушыларға арналған ұстаздар қауымының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мәдени шара Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы З.Бекетовтың құттықтау сөзімен басталды. Әр ауданнан келген ұстаздар өлең оқып, ән айтып, күй шертіп өз өнерлерін ортаға салды. Концерт соңы би кешіне ұласты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ