Ойыл ауданы демалыста
Салалық кәсіподақтың ұйымдастыруымен Алматы облысында дәстүрлі педагогтардың республикалық жазғы лагеріне Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау орта мектебінің тарих пәнінің жас маманы – Төрәлі Данияр Серікұлы барды. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі, «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғат паркі, Ш.Уәлихановтың мемлекеттік мемориалдық музейі сияқты қасиетті жерлерді аралап, жас тарихшы ретінде алған әсерінің шексіз екенін білдірді. Сондай ақ, «Жас ұстаз – жарқын болашақ бастауы» жазғы лагерінің өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаеваға, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрайымының орынбасары А.М.Мұқашеваға, Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.С.Серіковаға және Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымына шексіз алғысымды білдіремін. Эксурсиядан алған рухани білімімді, күшімді елім үшін жұмсаймын, – дейді Данияр Төрәлі. Жарқын елдің шамшырағы жастарға сәттілік тілейміз!
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ