ЖАСТАР ЖЫЛЫ – жаңа мүмкіндіктер кезеңі
ЖАСТАР ЖЫЛЫ – жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да мол үлес қосу үшін жастар белсендірек болу керек, сондықтан да жастарға барлық жағынан қолдау көрсету қажет. Осы орайда, Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Орал қаласына «Ақжайық» шипажайына аудан мектептерінің белсенді жас кәсіподақ мүшелері жолға шықты. Жазғы демалыс күндері жастар жаңа достар тауып, керемет көңіл-күймен келетіндеріне сенеміз. Еліміздің барлық жастарына сәттілік тілейміз!
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ