Ойыл ауданы оқушылар үйі мен Ойыл аудандық музыка мектебі жанынан жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады
Білім қызметкерлері кәсіподағы мүшелерінің балалары жазғы демалыста. 2019 жылдың 17 маусымынан бастап Ойыл ауданы оқушылар үйі мен Ойыл аудандық музыка мектебі жанынан жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. «Достық» лагерінде кәсіподақ мүшелерінің балалары қабылданды. Лагерь 2 ауысым бойынша жұмыс жасайды, әр ауысымда 30 бала қабылдайды. Лагерь оқушылары жерлесіміз «Жау жүрек мың бала» фильмінің басты кейіпкері Сартай батыр - Асылхан Төлеповпен кездесті және спорттық ойындар ойнап, сурет салып әр күнді өте қызықты өткізуде. Жылда дәстүрге айналған жазғы лагердің ұйымдастырылуына Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы қаржылай демеушілік жасады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ