Нұр-Сұлтан қаласында Жастар жылына арналған «Туған жер-2019» білім қызметкерлерінің туристтік слет-семинары өтті
2019 жылғы 26-28 мамыр аралығында «Арман» лагерінде Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мекемелерінен 300 -ға жуық ұстаздарының қатысуымен «Туған жер-2019» білім қызметкерлерінің туристтік слет-семинары өткізілді. Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері қалалық кәсіподағы, «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы , Туризм және өлкетану балалар мен жасөспірімдер орталығы.
Жарыстың мақсаты:
білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің демалу және еңбегін ұйымдастыру жүйесіне дене тәрбиесі мен спортты енгізу;
мұғалімдердің дене дайындығы деңгейін көтеру;
білім беру ұйымдарында педагогикалық ұжымдардың жұмысын жеделдету;
білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында СӨС салтын насихаттау;
білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің арасында қарым-қатынастарын нығайту;
ең жақсы ұжымды анықтау, қала мектептерінің арасында тәжірибемен алмасу.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға №56 ОМ, екінші орын №53 ОМ, үшінші орын №60 ОМ, төртінші орын №15 мектеп-лицейі, бесінші орынға №24 КДШС ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Әділет» білім беру қызметкерлері қалалық кәсіподағы дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
-
Фотографии
-