Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы аптқару комитетінің кезекті отырысы өтті
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының Атқару комитетінің кезекті отырысы Кәсіподақ төрайымы Тарбия Баймбетованың төрағалығымен өтті.
Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, Кәсіподақ филиалдарының төрайымдары қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы, 2019 жылғы 16 мамырда өткен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің Атқару комитетінде қаралған мәселелермен жиналғандарға хабардар ете келіп, қаулыларды орындау бойынша тапсырмалар берді.
Екінші мәселе Жаңаөзен қалалық кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы Райыс Мұхашева Жаңаөзен қалалық кәсіподақ ұйымы филиалының Жарғы міндеттерінің орындалысы бойынша жұмыстары туралы есебі тыңдалды; үшінші мәселе бойынша Кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің арыз - өтініштері бойынша (аудан, қала, облыстық) жұмысы туралы облыстық кәсіподақ ұйымының құқық қызметі бойынша бас маманы Храмова Наталья Станиславовна ақпарлама бере отырып жұмысты одан әрі жандандыруға кеңес берді.
Құрылымдық бөлімшелердегі кәсіподақ жарналарының толық жинақталуы туралы облыстық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі, Муха Инна Викторовна, салыстырмалы түрде филиалдардың жарналарды уақытылы аудару көрсеткіштерімен таныстырды.
Одан әрі білім қызметкерлері мен олардың балаларының жазғы демалысы туралы, ұйымдастыру жұмыстары бойынша маман Аманиязова Асылтас Базарбайқызы түсініктемелер берді.
Жиын соңында, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар инжиниринг университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының өтініші бойынша Облыстық кәсіподақтың Пленумын кезектен тыс шақыру туралы мәселеге тоқталып өтіп, арнайы Қаулы қабылдады .
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым
қызметкерлері кәсіптікодағының Маңғыстау
облыстық ұйымы» маманы
-
Фотографии
-