«Сан қыранды самғатқан алтын ұя» тақырыбында 35 жылдық мерейтойы атап өтілді
Бүгін Ойыл ауданында Ойыл қазақ орта мектебінің«Сан қыранды самғатқан алтын ұя» тақырыбында 35 жылдық мерейтойы атап өтілді. Мерейтойға мектеп ардагерлері, ұстаздар, әр түрлі жылғы және 40 жылдық түлектер келіп қатысты.Мектеп ұжымы сан қилы тарихы бар мектептің қазіргі тыныс-тіршілігімен, жаңалықтарымен, жетістіктерімен таныстырды.Салтанатты кездесуде аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ мүшелерін облыстық, аудандық Құрмет грамоталарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Жазимоваға жазғы еңбек демалыс кезінде демалуға шипажайға жолдама берді.
Соңғы қоңырау соғылған күн. 25 мамыр еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Ойыл ауданы Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназиясында да қоңырау үні сыңғырлады. Алтын ұя үлкен өмірге түлектерін ұшырды. Сонымен бірге бір жыл бойғы мұғалімдердің еңбектері сараланып, білім саласына қосқан үлестері қорытындыланды.Мерекелік шараға аудан басшылары, ардагер ұстаздар, қамқоршылық кеңесінің мүшелері және ата-аналар қатысты.Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Избагамбетова құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарды «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-