«Үздік әлеуметтік -педагог – 2019» облыстық байқауы өтті
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комететімен Білім басқармасының ұйымдастыруымен 16 мамыр күні Облыстық оқу орталығының базасында әлеуметтік-педагог мамандарының қатысуымен «Үздік әлеуметтік-педагог – 2019» облыстық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігі жоғары әлеуметтік педагогтарды анықтау, қолдау және қоғамда әлеуметтік педагог мамандығының дәрежесін көтеру, білім беру жүйесінде әлеуметтік-психологиялық бағытты жетілдіру.
Қазылар- алқасыларының мүшелері Қайруллаева Ақнұр Бөкенбайқызы - Облыстық білім басқармасы «Балалар мен жасөспірімдерді қорғау» бөлімінің бас маманы, Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы - Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасары, Құсеинов Серік Әбсадықұлы - «Өрлеу» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерін біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, Раханова Нұржамал Сексенәліқызы – Облыстық оқу орталығының «Әлеуметтік-педагогикалық қызмет» бөлімінің әдіскері, Қалмаханова Жанар Есілбайқызы - №7 арнайы түзету мектеп- интернатының әлеуметтік педагогы төрелік етті.
Байқауға 8 үміткер қатысып Қызылорда қаласы №253 орта мектептің әлеуметтік-педагогы Әбзиева Фариза - І орын , Жалағаш ауданы, № 118 орта мектептің әлеуметтік-педагогы Ахметова Нұрсұлу - ІІ орын, Сырдария ауданы, № 132 орта мектептің әлеуметтік-педагогы Абдреев Рүстем - ІІІ орын иегері атанып Облыстық кәсіподақ комитетінің Дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Облыстық кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-