Алматы облысында соғыс ардагерлерін құттықтады
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 74 жыл толды. Арада қаншама жылдар өтседе соғыстың зардабы ел есінде. Осы сұрапыл соғысты көріп, майданда елі үшін ерлік жасаған ардагерлеріміз азайып барады. Оларға құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Осы ретте, Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы санаулы ардагердің ішінде соғыс жылдарынан кейін білім саласында қызмет еткен Николай Огнев пен Сәрсенбай Қаңтарбаевты мерекемен құттықтады.
Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Садық Әбдіқадыров бастаған белсенділер ардагер Николай Огневтың үйіне барып, қал-жағдайын білді.
Ал, 95 жастағы тың ардагер Сәрсенбай Қаңтарбаев облыстық ұйымның ғимаратына келіп, қызметкерлерге батасын берді.
Білім саласына сіңірген ерең еңбектері, ұрпақ алдындағы азаматтық борыштары айтылып, облыстық ұйымның атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-